«Даму» халықаралық инновациялық орталығы

Миссиямыз

Адал еңбек иелерін қолдау, олардың жетістіктерін қоғамға таныту, еңбек мәдениеті мен мемлекеттік құндылықтарды дәріптеу арқылы еліміздің адам капиталының дамуына үлес қосу.

Негізгі мақсатымыз

Еңбек адамына деген қоғамдық құрметті арттыру, түрлі сала мамандарының жетістіктерін насихаттау және олардың еңбек жолын жастарға үлгі ету.

Форумдар мен қоғамдық іс-шаралар арқылы отансүйгіштік, мемлекетшілдік, ел бірлігі, адал еңбек, білім мен жауапкершілік құндылықтарын дәріптеп, ел болашағына бейжай қарамайтын патриот жастардың қалыптасуына үлес қосу.