«Даму» халықаралық инновациялық орталығы

Миссиямыз

Адал еңбек иелерін қолдау, олардың жетістіктерін қоғамға таныту, еңбек мәдениеті мен мемлекеттік құндылықтарды дәріптеу арқылы еліміздің адам капиталының дамуына үлес қосу.

Негізгі мақсатымыз

Еңбек адамына деген қоғамдық құрметті арттыру, түрлі сала мамандарының жетістіктерін насихаттау және олардың еңбек жолын жастарға үлгі ету.

Форумдар мен қоғамдық іс-шаралар арқылы отансүйгіштік, мемлекетшілдік, ел бірлігі, адал еңбек, білім мен жауапкершілік құндылықтарын дәріптеп, ел болашағына бейжай қарамайтын патриот жастардың қалыптасуына үлес қосу.

Қызмет бағыттарымыз

Қоғамдық және кәсіби байқаулар

Түрлі сала мамандарының еңбегі мен кәсіби жетістіктерін танытуға бағытталған жобалар ұйымдастыру.

Марапаттау жобалары

Жоба талаптарына сәйкес үздік қатысушылардың еңбегін қоғамдық марапаттармен атап өту.

Республикалық және халықаралық форумдар

Еңбек адамдарын, сарапшылар мен жастарды бір алаңға біріктіріп, тәжірибе алмасу және құндылықтарды дәріптеу.

Еңбек адамдарын дәріптеу

Ел дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбек жолы мен жетістіктерін қоғамға таныту.

Жастар және құндылықтар

Үлгілі тұлғалардың еңбек жолын насихаттау арқылы жастарды білімге, адал еңбекке, отансүйгіштікке және елге қызмет етуге ынталандыру.

Білім және кәсіби даму

Конференциялар, семинарлар, кәсіби даму бағдарламалары мен тәжірибе алмасу алаңдарын ұйымдастыру.