«Даму» халықаралық инновациялық орталығы

Кәсіпкерлік — ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін, жаңа
жұмыс орындарын құруға, отандық өндіріс пен қызмет көрсету салаларын өркендетуге
және халықтың әл-ауқатын арттыруға тікелей ықпал ететін маңызды сала.

Бүгінде өз ісін табысты дамытып, жаңа бастамаларды жүзеге асырып, қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкерлердің еңбегін бағалау
және олардың жетістіктерін кеңінен насихаттау ерекше маңызға ие.
Осы мақсатта «Даму» халықаралық инновациялық орталығы мен «The One
System» компаниясының бірлескен ұйымдастыруымен кəсіпкерлер арасында «ҮЗДІК
КӘСІПКЕР – 2026» республикалық байқауы өткізіледі!

Іс-шараның мақсаты: еліміздің экономикалық дамуына елеулі үлес қосып,
кәсіпкерлік саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізген азаматтардың еңбегін
бағалау, олардың табысты тәжірибесін республика көлемінде кеңінен таныту және
кәсіпкерлердің қоғамдағы беделі мен мәртебесін арттыру. Сонымен қатар отандық
кәсіпкерлікті дамытуға ынталандыру, үздік кәсіпкерлердің жетістіктерін үлгі ету және
іскерлік пен жаңашылдық құндылықтарын дәріптеу.

Республикалық байқауға қатысушылар:
Байқауға еліміздің барлық өңірінен шағын, орта және ірі бизнес салаларында
қызмет атқаратын, кәсібін табысты дамытып, қоғамның өркендеуіне үлес қосып
жүрген кəсіпкерлерді қатысуға шақырамыз.
БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА:
🏅 «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КӘСІПКЕРІ – 2026» арнайы төсбелгісі;
🏆 «ҮЗДІК КӘСІПКЕР – 2026» мәртебелік статуэткасы;
📜 Арнайы төсбелгіні растайтын куәлік;
🎓 Республикалық деңгейдегі І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом;
📸 Марапаттау рәсімінен кәсіби түсірілген сапалы, түрлі-түсті фотосуреттер
табысталады.

Бұл марапаттар — Сіздің кәсіби жетістігіңіз бен кәсіпкерлік жолыңыздың қоғамдық
мойындалуының белгісі. Марапат пен кәсіби фотосуреттер жеке брендіңізді
қалыптастыруға, компанияңыздың іскерлік беделін нығайтуға және жетістіктеріңізді
әлеуметтік желілер мен БАҚ-та көпшілікке танытуға мүмкіндік береді.

Байқаудың шарттары:
Байқауға қатысу үшін үміткер арнайы өтінім кестесін толтырып, өмірбаян және
кәсіпкерлік жетістіктерін растайтын құжаттарын қоса ұсынуы тиіс.
Құжаттар astana-20n@mail.ru электронды почтасына немесе +7 747 109 79 51
WhatsApp номеріне 2026 жылдың қараша айының 30-на дейін қабылданады.

Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді.
Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі.
Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі және
тағы басқа марапаттар табыс етіледі.

Ұйымдастыру алқасының сайты:
https://damu-enbek.kz
Электронды почта: astana-20n@mail.ru
Инстаграм парақшасы: @damu_kz1
Ұйымдастыру алқасы: +7 747 109 79 51, 8778-742-74-40,
8 747 702 52 62

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЖҰМЫСПЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ

Қатысушының тегі, аты-жөні  
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы  
Қызмет орны атауы, лауазымы  
Форум атауы «ҮЗДІК КӘСІПКЕР – 2026»
Телефон, ұялы, е-mail.ru  
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото  
Мекен-жайы, жергілікті казпочтаның индекс номері  

 

«ҮЗДІК КӘСІПКЕР – 2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *