«Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» атты республикалық байқауына қатысуға шақырамыз!
Іс-шараның мақсаты:
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай саналы ғұмырын ел мен қоғам игілігіне арнап, қажырлы еңбегімен мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан ардагер буын өкілдерінің еңбегін ұлықтау. Олардың өнегелі өмір жолын, еңбекқорлығы мен елге сіңірген қызметін дәріптеп, жас ұрпаққа үлгі ету.
Байқаудың шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (Word форматында, 14 кегл, Times New Roman), марапаттау парағын толтырып, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелерін (мыс.: алынған диплом, алғыс хат, медаль және т.б.) жіберуі тиіс.
Құжаттар ruhany.jangiru.17@bk.ru электронды почтасына 2026 жылдың қазан айының 30-на дейін қабылданады.
Байқау жеңімпаздарына:
- Арнайы тағайындалған «ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» төсбелгісі;
- Төсбелгіні куәландыратын КУӘЛІК;
- «ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» статуэткасы;
- ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ беріледі;
Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында желтоқсан айында конференция форматында өтеді. Қорытынды конференцияның бағдарламасы іріктеуден өткен қатысушыларға жіберіледі. Марапаттау рәсімінде қатысушыларға қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалардың қолынан төсбелгі және арнайы марапаттар табысталады.
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электронды почтасы: ruhany.jangiru.17@bk.ru
Instagram парақшасы: @bilim_orkenietі_
Facebook парақшасы: Білім өркениеті
Ұйымдастыру алқасы: +7 747 628 8054, +7 702 986 6405
ӨТІНІШ КЕСТЕСІ (Word форматында жіберілуі қажет)
| Қатысушының тегі, аты-жөні | |
| Облыс, қала, аудан, ауыл атауы | |
| Еңбек өтілі | |
| Байқау атауы | «ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» |
| Телефон, ұялы телефон, e-mail | |
| Сапалы түрлі-түсті ¾ фото |